Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар кез-келген ауа райында тәулік бойы қызмет атқарады. Өткен тәулікте Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері 266 рет тексеру жұмысына шыққан, деп жазады Egemen.kz.
Нәтижесінде аязды күні жолда қалған 59 адам құтқарылды. Оның ішінде 12 бала бар. Баратын жері болмаған 4 жолаушы эвакуацияланды.