• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Өнер 13 Желтоқсан, 2023

Анам Роза Рымбаеваға екі рет қастандық жасалып, өлім аузынан қалды - Әли Оқапов

5052 рет
көрсетілді

Белгілі эстрада әншісі, композитор Әли Оқапов анасы, Халық әртісі Роза Рымбаева туралы фильм түсіре бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кино картинада өнер иесінің өмір жолында екі рет қастандық құрбаны бола жаздағаны да қамтылады. 

“Ревю” бағдарламасына қонақ болған Әли Тастанұлы фильм түсіруді осыдан үш жыл бұрын қолға алғанын атап өткен. Алайда, оның шығармашылығына кедергілер көп кездесіп жатқан көрінеді.

«Үш жыл қатарынан өтпей қалып жатырмыз. Өйткені, эксперттік комиссия мүшелері бар және олардың субъектив көзқарасы бойынша шешім қабылданады. Сол шешімге байланысты қолдау көрсетіледі. Жылдан-жылға шаршамай, сол "Роза" атты папкамды көтеріп, кейбір адамның көзіне күйік болсам да, жыл сайын ұсынамын», деді ол.

Сондай-ақ халық әртісінің кейбір әріптестері де фильмді жарыққа шығаруға қарсы болып жатыр.

“Менімен келіспейтін адам көп. Осы киноға қарсы шыққан жандар да бар. Ең қызығы, анамның сахналас әріптестері мен өнер майталмандары да бар. Олардың өз жоспары бар шығар, біз сол жоспарға сай келмейтін шығармыз деп ойлаймын. Бірақ мен жеңілмеймін, тоқтамаймын", дейді Әли Оқапов.

Сонымен қатар әнші анасына жасалған қастандықтың артында кім тұрғанын әлі күнге дейін біле алмай келеді. Айтуынша, өнер жұлдызы екі рет өлім аузынан қалған.

«Екі рет анамыз өліп қала жаздаған. Оны көбі білмейді. Кеңес үкіметінің ыдырауы, 90-жылдар бар, содан кейін менің дүниеге келгенім бар, Мәдидің дүниеге келгені бар, әкеміздің қайтыс болғаны бар, түрлі-түрлі бәсекелестерінің жағымсыз қадамы анық көрсетіледі. Әр көрініс анамның өмірінен алынған», дейді әнші.