• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Өнер 15 Желтоқсан, 2023

«Ұлтабардан дәм татқан келініміз ұл тапты» – Димаш Құдайбергеннің анасы сүйінші хабар айтты

977 рет
көрсетілді

«Хабар» телеарнасының таңғы хабарына қонақ болған әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Света Айтбаева қазақтың тағамға қатысты ырымдарын сөз етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің анасы ұлтабар тағамының қадір-қасиетіне тоқталып, сүйінші жаңалығын бөлісті.

«Ұлтабар - қазақтың өте әдемі тағамдарының бірі. Малдың қарынының бір бөлігі ғой. Бірақ қазақ әрбір тағамға қатты мән берген, ал ұлтабарды ерекше бағалайды. Неге ұлтабарды таңдадық? Себебі бұл әйел адамдарға жақындау. Атының өзі қандай иә? Біз ұлдың өзін шаңыраққа ие боп қалады деп бағалаймыз. Атұстар дүниеге келді деп жатамыз», деді өнер иесі.

Светлана Айтбаева ұлтабар жеген келіні босанғанын айтты.

«Бүгін де бір жақсы жаңалық, келініміз ұлды болып, атұстар дүниеге әкеліп, қазір перзентханаға барып, сол келінді шығарып аламыз. Ол да осындай ұлтабардың дәмін татқан жақсы келін. Лұқпан Жолдасовтың ұлы Болаттың бөпесі. Ұлтабарды сыйтабақтарға салады ғой, бірақ ет турап отырған адам оны аңғарып, ұлтабардың шеткі, шошайып тұрған бөлігін жас келінге ұсынады. «Ұл тапсын, ұлды болсын» деген мақсатта жегізеді», деді Светлана Айтбаева.