Қазақстан құрамасының қоржынына әлем кубогінде шорт-тректен алғашқы медаль түсті. Аталған сында шорт-трекші Денис Никиша үздік үштіктен табылды, деп жазады Egemen.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Сеулде өткен әлем кубогі кезеңінде 500 метрлік сында отандасымыз қола медаль қанжығалады.
Осы қашықтықта алтын қытайлық Лю Шаоангке бұйырса, Оңтүстік Корея атлеті күміспен күптелді. Ал қола медальді ел қоржынына Денис Никиша салды.