Қалалық полиция департаменті ауа райына және жауын-шашынның көп түсуіне байланысты жол қозғалысының барлық қатысушыларына барынша мұқият болуға кеңес берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полиция сондай-ақ жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше мұқият болу керек екенін ескертті.
«Жолда жақындап келе жатқан автокөліктің жоқтығына көз жеткізіп, гаджетті ұстамауға тырысу керек. Сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын айтарлықтай азайтуға көмектеседі. Жүргізушілерді мұқият болуға, көліктерді жол бойына қоймауға, қоғамдық көліктердің қозғалысына және қар тазалау техникасының жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз», делінген хабарламада.