• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Басылым басшылары 01 Желтоқсан, 2023

Басылым басшылары - Дархан Қыдырәлі (1974)

327 рет
көрсетілді

Дархан Қыдырәлі 1974 жылы 16 сәуірде Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде, Мармара, Эгей және Ыстанбұл университеттерінде білім алған. Ыстанбұл және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттерінде докторлық диссертация қорғаған.

Тарих ғылымдарының докторы. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Қазақстан Републикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының және Моңғолия Ұлттық ғылым академиясының құрметті академигі, Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының құрметті докторы, Халықаралық Ш.Айтматов академиясының толық мүшесі.

«Атымды адам қойған соң...», «Мұстафа Шоқай», «Ұлы дала тарихы» және өзге де еңбектердің, 13 кітаптың, 400-ден аса ғылыми-танымдық мақалалардың авторы.

«AMANAT» партиясы Саяси кеңесі Бюросының және Ұлттық Құрылтайдың мүшесі.

Дипломатиялық дәрежесі: ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл.

2001-2005 жылдары – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде аға ғылыми қызметкер, кафедра меңгерушісі, жетекші ғылыми қызметкер, аппарат жетекшісі.

2005-2006 жылдары – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде доцент.

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы директорының орынбасары.

2007-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде Министрдің кеңесшісі.

2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде сарапшы, сектор меңгерушісі.

2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2012 -2014 жылдары – Түркі кеңесі Бас хатшысының орынбасары.

2014-2022 жылдары – Халықаралық Түркі академиясының президенті.

2016-2022 жылдары – «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

2022-2023 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі.

2023 жылдың қыркүйек айында сегізінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығын беру жөніндегі және Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссиялардың мүшесі. Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңес төрағасы болған.

Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының және Түркология саласындағы үздік жетістіктері үшін берілетін «Күлтегін» сыйлығының иегері. Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты.

«Парасат» ордені, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаттары, мерекелік медальдар, «Түркі әлеміне қызмет» сыйлығы, Түркия Республикасының Алтын медалі, Халықаралық «Жібек жолы» орталығының «Жыл адамы» атағы, ТМД Парламентаралық ассамблея кеңесінің «Баспасөз және ақпаратты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісі, Венгрияның «Офицерлік крест» ордені, Әзербайжанның «Достлуг» ордені, Моңғолияның «Алтын жұлдыз» ордені, Қырғыз Республикасының «Даңқ» медалі сияқты марапаттардың иегері.