• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Спорт 20 Желтоқсан, 2023

Шавкат Рахмоновты алматылық жанкүйерлер сән-салтанатпен қарсы алды (видео)

656 рет
көрсетілді

17 желтоқсан күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен жеңісті жекпе-жегінен кейін Шавкат Рахмонов Қазақстанға келді. ММА, UFC шеңберінде жеңілмеген қазақ файтерін алматылық жанкүйерлер ерекше ықылыс, сән-салтанатпен қарсы алды, деп жазады Egemen.kz.

Бүгін, 20 желтоқсан таңертең Алматы әуежайында әдеттегіден көп адам жиналды. Себебі UFC 296 турниріндегі жеңісінен кейін Шавкат Рахмонов елге оралды. Қазақ туын әлемдік аренада желбіретіп жүрген «Nomad-ты» жанкүйерлер мен БАҚ өкілдері құрметпен қарсы алды.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов атақты америкалық файтер Стивен Томпсонды мерзімінен бұрын қылқындыру әдісімен жеңді. 

Сондай-ақ UFC жекпе-жектен кейін Шавкат Рахмоновқа үш жаңа қарсылас ұсынды.