• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қаржы 20 Желтоқсан, 2023

2024 жылы орташа зейнетақы мөлшері қанша болады?

335 рет
көрсетілді

Бүгін, 20 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылы зейнетақы бойынша қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Министрдің айтуынша, базалық зейнетақы төлемі ұлғайып келеді.

«Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5 пайызға көтереміз. Инфляция деңгейіне индекстеу жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7%, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Зейнетақының орташа мөлшері келесі жылы шамамен 130 мың теңге болады», деді Светлана Жақыпова

Оның сөзінше, 2023 жылы  ел азаматтарының орташа зейнетақысы 120 мың теңге болған.