• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 21 Желтоқсан, 2023

Қазақстан-Қытай арасын жалғайтын жаңа теміржол құрылысы басталды

248 рет
көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жобасын ресми түрде іске қосты. Теміржол пайдалануға 2027 жылы берілмек, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа теміржол Қазақстан-Қытай арасындағы жүк тасымалы, тауар өткізу көлемін 28 миллионнан 48 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Теміржол құрылысының барысында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автомобиль өткелі, 5 жаяу жүргіншілер көпірі, 16 бақылау құрылысы салынады.

Бұл теміржол құрылысы оңтүстіктегі өткізу бекеттеріндегі кептелістерді азайтып, қосымша транзит тартуға серпін береді.

Осы мақсатта отандық өндірушілерден 500 мың бірліктен астам шпал және 36 тонна рельс сатып алу жоспарланып отыр. Магистраль құрылысы 1700-ден астам адамды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді.

Телекөпір барысында Әлихан Смайылов: «Бақты – Аягөз жобасы Қазақстан теміржол желісінің әлемдік көлік жүйесіне ықпалдасуын кеңейтеді», деді.