• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Экология 25 Желтоқсан, 2023

Леонардо Ди Каприо Қазақстан халқын құттықтады

272 рет
көрсетілді

Америкалық актер Леонардо Ди Каприо Қазақстанды киіктің көбеюімен құттықтады. Ол әрқашан әлеуметтік желідегі парақшасында жойылу қаупі жоғары фауна, флора байлықтарын еске салып, қорғауға үндеп отырады. Леонардо Ди Каприо, тіпті, өзін Instagram парақшасында актер әрі табиғат қорғаушысы деп таныстырады, деп жазады Egemen.kz.

Ол киіктер Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміндегі «жойылып кету қаупі төнген жануарлар» санатынан «жойылу қаупі аз» санатына ауысқанын айтқан.

«Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай Қазақстандағы ақбөкен популяциясының сақталуын көрсетеді. 2005 жылы олардың саны небәрі 48 000 болды, ал қазір 1,9 миллионнан асты. Браконьерлікке қарсы күрес бастамаларына, құқықтық тәртіпті нығайтуға және жаңа қорғалатын аумақтарды құруға қомақты қаражат бөлген Қазақстан Үкіметін құттықтаймыз. Олардың табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтастығы – бірлескен күш-жігердің арқасында қол жеткізілген табиғатты қорғау ісіндегі шынайы табыстың мысалы», деп жазды актер Instagram парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін Экология министрлігі қазақ даласында киіктің қайта көбеюіне байланысты олардың «жойылу қаупі аз жануарлар» санатына көшірілгенін жариялаған болатын.