• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Жоба 26 Желтоқсан, 2023

«Ауыл аманатын» жүзеге асыру жоспарлары

134 рет
көрсетілді

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру қорытындылары және келер жылға арналған жос­парлар талқыланды.

Айта кетейік, ауыл шаруашы­лығы мен цифрлық даму, инновациялар және аэр­оғарыш өнеркәсібі министрліктері ауы­л­дық округтерге ауқымды скри­нинг жүр­гізген болатын. Скрининг нәти­же­ле­рі бойынша әр елді мекеннің бағы­ты анық­талып, цифрлық платформа әзірленді.

«Қаражатты бөлу кезінде әр ауданның ерекшелігін ескерген жөн. Біздің басты мақсатымыз – аза­­маттарға өз кәсібін ашуға мүм­кін­­дік беру немесе жаңа жұмыс орын­­­дарын құру арқылы ауыл тұр­­­ғын­­­дарының табысын арттыру. Сон­­­дықтан әкімдіктер осыған баса мән беруі керек», деді Тамара Дүйсенова.

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин өңірде жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы айтып берді. Оның айтуынша, облыстағы өзекті мәселелердің бірі – импортқа тәуелділік. Сондықтан әрі қарай бірқатар бағыт бойынша өнім өндіру қолға алынбақ. Мәселен, мал шаруашылығы бойынша 2,5 мыңнан аса, өсімдік шаруашылығы бойынша 264, құс шаруашылығы бойынша 285 жоба ұсынылып отыр.

Облыс әкімінің орынбасары ұйым­дас­қан шаруашылықтардан үй жа­нуар­ларын сатып алуды ережеге ен­гізу­ді ұсынды, бұл ретте олар сату операторлары ретін­де белгіленбек. Осы­лай­ша, бағ­­дар­ламаға қатысушылар ара­сын­­да малды алып-сату факті­лері­нің алды алынбақ. Сон­дай-ақ өңір жеке қосал­қы шаруа­шылық­тарды жұмыс істеп тұр­ған ірі фер­мерлік шаруашылық­тар мен қайта өңдеу кәсіпорындары айналасын­да шоғырландыруға баса мән бермекші.

Айта кетейік, тұрғындардың табысын арттыру бағдарламасы өңірде жұ­мыс­сыздар санын 1 210-ға, ал атаулы әлеу­меттік көмек алушылар қатарын 157 адамға қысқартуға жол ашты.

Батыс Қазақстан облысы да өз тұрғын­дарын азық-түлік өнім­дерімен қамтамасыз етуге ниетті. Өңір басшысының орынба­сары Қалияр Айтмұхамбетовтің сөзін­ше, қазірде өңір өзін әлеу­меттік маңы­зы бар азық-түлік тауар­лары­ның сегіз түрімен толық қам­тып отыр. Енді «Ауыл аманаты» бағ­дар­ламасының көмегімен азық-түлік­тің тағы жеті түрі бойынша көр­сет­кіштерді жақсаруды көздеп отыр.

Жоба аясында бастапқыда қар­жы көбіне шикізат базасын құру­ға бағыттал­мақ болған, енді ай­мақ қайта өңдеуге ба­сым­дық бермек. Келер жылға облыс сома­сы 8 млрд теңге болатын 1 345 жоба жос­пар­лап отыр. Оның басым бөлігін мал мен құс ша­руа­шы­лығына бағыттау көзделіп отыр.

«Ауыл аманаты» жобасы бо­йынша алынған әр малға чип орнатылуы керек. Осылайша, қаражатты мақсатына сай пайдалану жағы бақылауда болмақ. Елді мекендер арасындағы қашықтықты ескере отырып, ауылдық округтерде ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру ауыл шаруашылығы жерлері­нің әлеуетін тиімді пайдалануға көмектеседі.

Түркістан облысының жоспары сәл өзгеше. Биыл «Ауыл ама­наты» жобасына 64 ауылдық округ қатысқан. Аралық нәти­­же­лерге сәйкес 3,5 мыңнан аса жұ­­мыс орны құ­рылып, атаулы әлеуметтік кө­мек алушы­лар санатынан 340 адам шық­ты. Ауыл ша­руа­шылығы өнімдерін өң­­дей­­тін 19 жаңа нысан ашылып, 328 жылы­жай құры­лысы қар­жы­ландырылды. Азама­т­тар­дың өз кәсібін ашуына 120-дан аса жоба мақұлданды.

Түркістан облысы әкімі­нің орынбасары Ермек Кенжехан­ұлы­ның сөзінше, келесі кезеңде басқа елді мекендерді қарастыру көз­делген. Шикізатты қайта өңдейтін зәкірлік жобаларды құруға баса назар аударылатын болады.

Сонымен қатар кеңес барысында несиеге кепілдік беру, өңір­­лер­дегі инфрақұрылымды жақ­­­сарту мәселелері қозғалды. Олар­­дың барлығын мүдделі мем­лекет­тік органдар қарайтын болады.