• RUB:
    6.17
  • USD:
    471.04
  • EUR:
    538.54
Басты сайтқа өту
Ауа райы 26 Желтоқсан, 2023

Жаңбыр, қар, жел: Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

Синоптиктердің болжауынша, бүгін елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыста жаңбыр жауып, солтүстік-батыста, оңтүстік және оңтүстік-шығыста қалың қар жауады.

Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел күтіледі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақмола облыстарының бірқатар ауданында жел секундына 30 метрден асады.

Соңғы жаңалықтар