Ақмола облысындағы Бурабай курорт аумағында сегіз көлік бір-біріне соқтығысып ірі жол апаты болды, деп жазады Egemen.kz.
Анықталғандай, Астана бағытында тіркемесі бар КамАЗбен келе жатқан 31 жастағы жүргізуші жол және метеорологиялық жағдайды ескермей, Toyota Camry көлігіне соғылған.
Соқтығыс салдарынан тағы үш КамАЗ және үш жеңіл көлік зақымданған.
Нәтижесінде жеңіл көліктің екі жолаушысы мен КамАЗ жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.
«Зардап шеккендердің барлығы дене жарақаттарын алғаны туралы шағымданған жоқ», делінегн облыстық ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.