• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Желтоқсан, 2023

Медиацияны дамыту талқыланды

186 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен жүзеге асырылған «Медиация саласын дамыту» республикалық жобасын іске асыру қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«2023 жылдың басынан бері «Халыққа құқықтық ақпарат беру мәселелері бойынша диалог алаңдарын ұйымдастыру және дауларды сотқа дейінгі реттеу бойынша қоғамдық медиаторларды оқыту» гранты алғаш рет іске асырылып жатыр. «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы халық өмірінің барлық салаларында медиацияны қолдануды қолдау және таратуға жәрдемдесу шараларын әзірлей отырып, «Медиация саласын дамыту» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Конференцияға қатысушылар медиаторлардың сарапшылық қоғамдастығын медиаторлардың біліктілігін жүйелі түрде арттыратын, кәсіби этиканың сақталуын қадағалайтын және мемлекеттік органдармен және халықаралық медиация институттарымен өзара іс-қимыл жасайтын бірыңғай жүйе құраушы ұйым құруға шақырды», делінген ақпаратта.

Медиация рәсімін бір жүйеге келтіру мақсатында кәсіби медиаторларды даярлау және мемлекеттік тілде сапалы оқулықтар мен бағдарламалар әзірлеу, оларды даярлау жөніндегі ұйымдарды орталықтандырылған аттестаттау және бірыңғай құжат үлгілерін бекіту мәселесі талқыланды.