• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Қаңтар, 2024

Аязда 10 сағат тоқтаусыз жүрген. Жоғалған тұрғын боранда бағдарынан адасып қалған

600 рет
көрсетілді

Ұлытау  облысының тұрғыны боранда адасып кетіп 10 сағаттан кейін табылды, деп хабарлайды  Egemen.kz  Ішкі істер министрлігінің  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

«2 қаңтарда сағат 17.00-де ол өзінің ауылына жаяу шығып, қыздарын Жаңа жылмен мүмкіндігінше тезірек құттықтағысы келген. Ауа райының қолайсыздығынан адасып кетіп, түстен кейін боран басталып, аяз күшейе түсті. Хабарлама түскен бойда полиция бөлімімен іздеу шаралары ұйымдастырылды.

Адасқан ауыл тұрғынын іздеуге Жаңаарқа ауданы полиция бөлімінің барлық жеке құрамы, ТЖБ қызметкерлері және С.Сейфуллин ауылының тұрғындары жаппай кірісті. Сондай-ақ техника, жол талғамайтын көліктер, қарда жүретін көліктер тартылды. Сәтті ұйымдастырылған іздестіру шаралары нәтижесінде түнгі сағат 03.00 шамасында ер адам С.Сейфуллин ауылынан 40 шақырым қашықтықта табылды. Оның айтуынша, боран басталғаннан кейін ол жол бағдарын жоғалтып, адасып кеткен», деп жазылған ақпаратта.

Қарлы боранда бағдарынан адасқан тұрғын тоқтаусыз 10 сағат жүргендіктен де аязға ұрынбаған. Дәрігерлер оның денсаулық жағдайын қанағаттанарлық деп отыр.