Аталған жәрдемақы көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне қарай артады. 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 43 407 теңгеге теңестірілді. Осыған байланысты мүгедектігі бар адамдарға бюджет есебінен ай сайын төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының мөлшері де көбейді.
Биылғы ең төменгі күнкөріс деңгейіне қарай артқан жәрдемақы мөлшері мынадай:
7 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,61 ең төменгі күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге;
I топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;
II топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі = 79 435 теңге;
III топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге төленеді.
бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;
бала кезінен II топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,83 ең төмен күнкөріс деңгейі = 79 435 теңге;
бала кезінен III топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейі = 69 885 теңге беріледі.
бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 2,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 95 495 теңге;
екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,76 ең төмен күнкөріс деңгейі = 76 396 теңге;
үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға – 1,20 ең төмен күнкөріс деңгейі = 52 088 теңге.
Мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға да мемлекет ай сайын әлеуметтік жәрдемақымен қамтиды. Оларға берілетін жәрдемақы мөлшері санатына қарай мынадай:
Оларға 1,61 ең төмен күнкөріс деңгейіне тең 69 885 теңге жәрдемақы төленеді. Сондай-ақ I топтағы мүгедектігі бар адамға тікелей күтім жасайтын адамға, онымен туыстық байланысына қарамастан жәрдемақы тағайындалады. Оның мөлшері 69 885 теңгені құрайды.