• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Қаңтар, 2024

Рөлде ұйықтап қалған. Таразда автобус жүргізушісі 10 көлікті соғып кетті (видео)

3139 рет
көрсетілді

Тараз қалалық полиция басқармасы қоғамдық көліктің қатысуымен болған жол апатына байланысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

4 қаңтар күні таңертең сағат 10:45 шамасында Таразда №56 бағыттағы автобустың 33 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай қалған. Іле-шала қарсы бетке шығып кетіп, тоқтап тұрған 10 көлікке соқтығысқан.

Автобус ішінде 10 жолаушы болған. Оқыс оқиға салдарынан 56 жастағы әйел жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Аймақтағы полиция басқармасы өкілінің сөзінше жол апатына автобус жүргізушісінің рөлде ұйықтап кеткені себеп болған.

«Дені сау, салмақты жүргізуші екен. Бір сәтке көзі ілініп кеткен. Көзін ашқанда ғана жол апаты болғанын түсінген», деді Тараз қалалық ІІБ патрульдік полиция батальонының командирі Руслан Оразбақов.

Ол қоғамдық көлік пен жол қозғалысына қатысы бар мамандардың барлығы, соның ішінде полиция қызметкерлері де таңертең жұмысқа шығар алдында дәрігерлік тексерістен өтетінін де тілге тиек етті. Руслан Оразбақов жүргізушілердің рөлде сергек болуына тек өздері жауапты екенін ескертті.

Аталған факті бойынша автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.