• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қазақстан 05 Қаңтар, 2024

Тікелей шетел инвестициясы: Қазақстан үздіктер қатарында

205 рет
көрсетілді

Қазақстан fDi Intelligence сарапшыларының Азия, Африка, Таяу Шығыс, Еуропа елдері инвестициялық тартым­дылығына қатысты жүргізген зерттеуінің қорытындысы бойынша рейтингте алтыншы орын алды.

Онда Халықаралық валюта қоры fDi Markets тіке­лей шетелдік инвестициялар (ТШИ) мониторингі дерек­тері­ негізінде 50 ірі әлемдік бағыт­тағы шетелдік инвести­ция­лар­дың траекториясы мен мак­ро­экономикалық көрсеткіштері ескеріліп, бағаланды. Бүгінгі әлем пандемиядан кейінгі қалпына келу үдерісін бастан өткеріп жатыр.

Сарапшылардың пікірінше, 2023 жылы Азия елдері оң нәтиже көрсетті. Алғашқы он­дық­тағы алты позицияда Азия елдері тұр. Рейтингте бірінші орынды Камбоджа алады. Одан кейін Филиппин, төртінші орында – Ирак, алтыншы орында – Қазақстан, жетінші орында – Әзербайжан, оныншы орында Үндістан орналасқан. Топ-10 қатарына үш африкалық мемлекет енген. Олар Кения (үшінші орын), Намибия (бесінші орын),  Марокко (сегізінші орын).

ХВҚ болжамы бойынша биыл ішкі жалпы өнім өсімі 6,1 пайызды құрайды (2023 жылғы 5,6 пайызбен салыстырғанда) және келер жылы Камбоджа Оңтүстік-Шығыс Азиядағы эконо­микасы ең жедел дамыған елге айналады. Ал инфляция тура 2023 жылғыдай 2024 жы­лы да 3 пайыз деңгейінде сақта­ла­ды. Құрылымдық және цикл­дік факторлар елдердің эконо­ми­кал­ық көрсеткіштеріне әсер еткен.

FDI Standouts Watchlist-тің жыл сайынғы зерттеу дерегінше, шетелдік инвестиция саласын­дағы аутсайдер Камбоджа ең күшті инвестициялық дең­гейін сақтайды. Бұл мемлекет Қытай­мен, Оңтүстік Кореямен еркін сауда байланысы келісімін жасас­­қаннан кейін сауда қаты­нас­­тарын нығайтты. Екі елмен келісім де 2022 жылы күшіне енген болатын.

Қазақстан бұрынғы ке­ңестік кеңістік елдер арасында тікелей шетелдік инвестиция тартудан көшбас­шылық позицияда тұр. Ор­талық Азия елдері ара­сын­дағы үлесі – 61 пайыз. Сыртқы істер министрлігі Ин­вес­тиция комитетінің ақпа­раты бо­­йынша 2023 жылдың қаң­тарынан бері жалпы инвес­тициялық құны 602 млрд теңге болатын 59 инвестициялық келісімшарт жасалған.