Сейсмологтар бүгін сағат 00:51-де Алматыдан 404 шақырым жерде жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Сейсмологиялық тәжірибе әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан 404 шақырым жерде, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай Қырғызстан аумағында орналасқан.
«Энергетикалық санаты – 12.6 MPV, магнитудасы – 4.1. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша Қазақстанда сезілген жоқ», делінген хабарламада.