• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Қаңтар, 2024

«Қарапайым адами бақыт тілеймін»: Димаш өнерлі інісін туған күнімен құттықтады

1434 рет
көрсетілді

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында інісі Әбілмансұр Құдайбергенді туған күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz. 

Бүгін әнші Димаш Құдайбергеннің туған інісі Әбілмансұр 17 жасқа толды.

«Бүгін менің інім 17 жасқа толды. Өнерің асқақтай берсін! Мансұртай, саған үлкен шығармашылық табыстармен қоса, қарапайым адами бақыт тілеймін. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, халықтың көзайымы бол. Басқа да тілектерімді телефонмен өзіңе айтып жеткіздім», деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Сондай-ақ әнші өз оқырмандарына Мансұрдың өнер көрсетіп жатқаны бейнеленген видео ұсынды.