• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Айбын 05 Қаңтар, 2024

Ұлттық ұлан Қаңтар оқиғасында қаза тапқан қос жауынгерді еске алды

263 рет
көрсетілді

Қостанайда Ұлттық ұлан сарбаздары қанды қаңтар оқиғасында қаза тапқан қос жауынгер Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановты еске алды.

Еске алу жиынында сөйлеген «Орталық» өңірлік қолбасшылығы 6697 әскери бөлімінің командирі, полковник Талғат Әбдіров ел тыныштығы үшін жанын қиған қос сарбаздың ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын айтты.

«Қаңтар оқиғасында қыршын кеткен Ұлттық ұланның қатардағы жауынгерлері Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановты есімдері ел есінде мәңгі қалды. Олар Президент Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.  Қысылтаяң сәтте қайсарлық танытып, Отан тыныштығы үшін өмірін қиған батырлардың ерлігі мәңгі жадымызда сақталады», деді Т.Әбдіров.

Азалы жиынның соңында бір сәттік үнсіздік жарияланып, қос сарбазға арналған құрмет бұрышына гүл шоқтары қойылды.