• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Қаңтар, 2024

Қалың қар, көктайғақтан республикалық маңызы бар жолдар жабылды

565 рет
көрсетілді

Қолайсыз ауа райы салдарынан 4 облыс пен Астана маңындағы республикалық маңызы бар автожолдардың бірнеше учаскесі жабылды, деп жазады Egemen.kz.

Астанада - 3 учаске   «Астана-Теміртау», «Астана-Ерейментау»,  «Астана- Щучинск» автожолы автокөліктің барлық түрі үшін жабылды.   Ақмола облысында - 1 учаске   «Екатеринбург-Алматы» автожолының 1292-1353 км қашықтығы, Жібек жолы ААП - Қарағанды облысының шекарасына дейін - 61 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.   Жетісу облысында - 1 учаске   «Үшарал-Достық» 84-184 км, Көктұма станциясынан - Достық станциясына дейін – 100 км жол жабық. Шектеу автокөліктің барлық түріне енгізілді.   Қарағанды облысында – 6 учаске   «Екатеринбург-Алматы» 1505-1854 км, Новостройкадан - Балқаш қаласына дейін - 349 км қашықтықта жолдар жабылды.   «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 231-324 км, Павлодар облысы шекарасы-Ботақараға дейін - 93 км қашықтықта көлік қозғалысына тыйым салынды.   «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» 17-217 км, Қарағанды қаласы - Қарқаралы қаласы аралығында - 200 км.   «Қызылорда-Павлодар» 970-1135 км, Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасына дейін - 165 км.   «Қызылорда-Павлодар» 788-906 км, Ұлытау облысы шекарасы - Топарға дейін – 118 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.   «Екатеринбург-Алматы» 1353-1426 км, Ақмола облысы шекарасы - Теміртау ААП - 73 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.   Павлодар облысында - 2 учаске   «Қызылорда-Павлодар» 1135-1206 км, Қарағанды облысы шекарасы - Шідерті кенті - 71 км.   «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» 137-231 км, Баянауыл-Қарағанды облысы шекарасы - 94 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.