• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сенат 08 Қаңтар, 2024

Сенаторлар Шымкент жолдарын жөндеу жоспарымен танысты

128 рет
көрсетілді

Сенаторлар Шымкент қаласының агломерациялық әлеуетін және қалада тұратын халық санын ескере отырып, мегаполистің транзиттік мүмкіндігін ұлғайту маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Депутаттар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова «А-2 айналма жолының» құрылыс барысымен танысты. Сенаторларға көліктердің саны артуынан кептелістер көбейгендігі хабарланды. Магистральдық және транзиттік айналма жолдардың құрылысын толық аяқтау үшін 2024 жылға арналған республикалық бюджеттен 10,2 млрд теңге бөлу қажет. Депутаттар өз кезегінде бюджетті нақтылау барысында аталған мәселе тиісті мекемелермен бірлесіп пысықталатынын атап өтті.

Сенаторларға сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілген, жергілікті атқарушы органның бюджетінен салынған үш қабатты өрт сөндіру депосы  көрсетілді. Құтқарушыларға барлық жағдай жасалынған ғимарат ішінде оқу сыныбы, демалыс бөлмесі, жатын бөлме, асүй, спорт алаңы, конференц-зал, техникалық үй-жай, жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыруға арналған оқу-жаттығу мұнарасы бар.

Кездесу барысында «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңға қызметтік тұрғын үй беру немесе ТЖМ құрамындағы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдерін аудару бөлігінде түзетулер енгізуді қарау туралы ұсыныс айтылды. Мемлекет тарапынан мұндай әлеуметтік қолдау осы саладағы кадрлық тұрақтылыққа және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға оң әсерін тигізетіні атап өтілді.

Сенаторлар Мемлекет басшысының «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатының негізгі тұжырымдарын Шымкент қалалық ТЖД қызметкерлерімен бірге талқылады.