• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Оқиға 10 Қаңтар, 2024

Батыс Қазақстан облысындағы жол апаты бес адамның өмірін қиды

422 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 9 қаңтар күні сағат 17:17-де Жанғала-Чапаево тасжолында болған. Екі ауылдың арасындағы жолда Toyota Estima мен Hyundai Santa Fe көліктері соқтығысқан.

«Апат салдарынан бес адам қаза тапты, олардың жеке басы анықталып жатыр. Құтқарушылар мәйіттерді көліктерден шығарды», деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.