• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Қаңтар, 2024

15 қаңтарда Алматыда жер сілкіне ме? Сейсмологтар жауап берді

338 рет
көрсетілді

Желіде 15 қаңтар күні Алматы қаласында жойқын жер сілкінісі болады деген ақпарат тарап жатыр. Сейсмологтар бұл мәліметтің ешқандай ғылыми негізі жоқ екенін айтты, деп жазады Egemen.kz»

ТЖМ сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков блогерлердің мәліметі жалған екенін жариялады.

«Былтыр да 2023 жылға арналған болжамдық комиссияның қорытындысын шығардық, оған сәйкес магнитудасы 5,5 және одан жоғары болатын жойқын жер сілкінісі болжанбады. Өздеріңіз куә болдыңыз, бұл болжам расталды. Қазір әлеуметтік желілерде 15 қаңтарда Алматыда болуы мүмкін жойқын жер сілкінісі туралы ақпарат тарап жатыр. Блогерлердің мұндай болжамға қалай келгені белгісіз, өйткені оларда қандай да бір болжам жасауға арнайы техника мен технология жоқ. Біз олардың мәлімдемесін негізсіз деп санаймыз. Хабарламаға назар аударудың қажеті жоқ. Дүрбелеңге негіз жоқ», деді Н.Өзбеков.