• RUB:
    4.62
  • USD:
    499.51
  • EUR:
    525.83
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Қаңтар, 2024

Оқ өтпейтін армандар

382 рет
көрсетілді

Түркияның Президенттік Коммуникациялар Басқармасы Газа балаларының 266 туындысы үшін «Оқ өтпейтін армандар: Газа балалар суретшілері» көрмесін ұйымдастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Газадағы трагедияға балалардың көзімен назар аударуды мақсат еткен көрмені Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған мен Президенттік Коммуникациялар Директоры Фахреттин Алтун салтанатты түрде лента ашып, туындыларды тамашалады.

Көрменің ұйымдастырылуына журналист және белсенді Абдуллах Айтекин себепші болған көрінеді. Ол 2008 жылы Израиль ұйымдастырған «Құйылған қорғасын операциясында» отбасынан 26 мүшесін жоғалтқан Мона есімді палестиналық қыздың суреттерінен шабыттанып аймақтағы мектептерге қағаз, қарындаш және бояу материалдарын таратуды қолға алды. Оның мақсаты балаларға Газадағы өмірлерін және олар куә болғандарын жазуға мүмкіндік беру және осы куәліктерді құжаттау болған. 2008 жылдан бері Айтекиннің қамқорлығында болған бұл туындылар «Оқ өтпейтін армандар: Газа суретшілерінің көрмесімен» келушілердің назарына ұсынылып отыр.