• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Мирас 16 Қаңтар, 2024

Тартысқа толы турнир

361 рет
көрсетілді

Жас өскіннің ақыл-ойын да­мытуда, қоғам адындағы жа­­уапкершілігі мен сенім­ділігін қалыптастырып, та­бан­­ды­лығын арттыруда то­ғыз­құ­малақ ойнаудың орны ерекше. Бүгінде тоғызқұмалақ ойнынан түрлі жарыс ұйым­дастыру дәстүрге ай­налған. Қа­натын кеңге жайған ұлттық ойынға Алматы об­лысының спортшылары да айрықша мән беріп, тартысты бәсекеде бақ сынаушылардың қатары жылдан-жылға артып келеді. Осы себепті, биыл өңірдің алыс-жақын елді мекендерінен қатысқан әуесқой ойыншылар арасында тұңғыш облыстық чемпионат өтті.

Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында қаңтардың 9-ы мен 14-і күндері аралығында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы тоғыз­құмалақтың классика, рапид, блиц түрлері бойынша бақ сынасқан сайысқа 90-ға жуық спортшы қа­­тыс­ты. Тартысты бәсекеде өңірдің Қонаев қаласы мен Қарасай, Іле, Талғар, Ұйғыр, Жамбыл аудандарынан қатысқан тоғызқұмалақ шеберлері жекелей сында шын жүйріктер қатарынан көрініп, же­ңімпаздар тұғырына көтерілді.

«Алматы облысында тоғыз­құмалақ ұлттық спорт түрі кеңінен дамып келеді. Ойыншылар арасында республикалық жарыстардың чемпиондары аз емес, Азия және әлем чемпионаттарына қа­ты­сып, жүлдегер атанғандар да бар. Осы орайда облыстың шал­ғай аудандарында ұлттық спорт­­тың орталықтарын, үйір­мелері мен мектептерін ашу­дың ма­ңыздылығы артып отыр. Со­нымен қатар спортшыларды ынталандыру мақсатында бағалы сый­лық­тар мен түрлі жеңілдікті де қа­растыру қажет. Облыс көлемінде өтетін келесі чемпионаттарда осы аталған мәселелерді қолға ал­мақ­шымыз», дей­ді Алматы об­лыс­тық тоғызқұмалақ спорты феде­ра­циясының президенті Жарас Ниязбек.

Облыстық чемпионаттың қоры­­тындысында жарыс жеңім­паз­­да­рымен қатар, өткен жыл­дың үздік спортшылары мен жат­тық­ты­рушы­ларына да арнайы дип­ломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

 

Алматы облысы