• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 17 Қаңтар, 2024

«Екі донор тоғыз адамның өмірін сақтады». Министрлік донорлыққа келіскен азаматтар санын атады

312 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қанша азамат қайтыс болғаннан кейін донорлыққа келіскенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Министрдің сөзінше, донорлық аясында арнайы құрылған электронды тізілім бар, онда кез келген азамат eGov арқылы өз пікірін білдіре алады.

«Бүгінгі күнге дейін Қазақстанның 40 мың азаматы бұл мәселеге қатысты өз пайымын білдірді, олардың 15 пайызы қайтыс болғаннан кейінгі донорлыққа келісім берді. Қазір министрлік халық арасында үлкен ақпараттық жұмыс жүргізіп жатыр. 2023 жылдың желтоқсан айында ауқымды трансплантациялар жүргізілді, екі донор тоғыз адамның өмірін сақтап қалды», деді Ажар Ғиният Мәжіліс алаңында.