Жасөспірім олимпиадашыларымыз байрақты дода өтетін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласына аман-есен барып қонды.
Қазіргі таңда спортшыларымыз өздеріне арналған қонақүйлерге жайғасып жатыр. Олимпиада ойындарының алауы 19 қаңтар күні тұтанады. 1 ақпан күні мәресіне жетеді. Аталған жарысқа әлемнің 50 мемлекетінен 1 800 спортшы қатысады. 7 спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Жылдың басты жарысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы сапында 42 спортшы 5 спорт түрінен бақ сынап, 55 жүлде жиынтығын сарапқа салады.
Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жарысы, шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, фристайлдан параллельді могул бойынша сынға түседі.
Канвондағы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан Туын конькимен жүгіруден Петропавлдан ұлттық құраманың мүшесі Кристина Шумекова мен оралдық шорт-трекші Ерасыл Шыңғысхан алып шығады.