• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Білім 21 Қаңтар, 2024

Бизнеске бейім өрендер

196 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Аршалы ауданының Ж.Тәшенов атындағы орта мектебінің оқушылары өз қолымен жасаған қолөнер бұйымдарын сатып, табыс тауып отыр. Оларды мұндай пайдалы еңбекке аталған мектепте көркем еңбек пәнінен сабақ беретін Алмагүл Бейсенбаева баулып келеді.

– Біздің басты міндетіміз – жаңа заман ғылымының мол же­тіс­­­тіктерімен қаруланған, мә­де­ни дүниетанымы, көзқарасы қалып­тас­қан бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу. Сапалы білім берумен қатар еңбекке баулу, үйрету аса маңызды. Экономика қарқынды дамыған қазіргі қоғамға еңбекке тез бейімделіп, өзіндік білім ала алатын, өзін-өзі тәрбиелеп, дамытуға бейім белсенді, шығармашыл жас буынды қалыптастыру керек. Ғылым мен білімнің, ақпараттық технологиялар мен техниканың қазіргі даму дәуірінде көркем қол­өнердің құндылығын дамыту, бо­лашақ жастардың санасына сіңіру маңызды деп санаймын. Ал жеке тұлға қалыптастыруда оқушы бойына ізгі қасиеттерді сіңіруді көз­дейтін қолөнер жобасының рөлі зор, – дейді А.Бейсенбаева.

Мұғалім балаларды «Online Shop» жобасымен айналысуға бейім­деп жүр. Бұл жоба еңбек­ке, ма­мандық таңдауға психо­логия­лық және практикалық да­йын­дық жасау мақсатында қолға алын­ған. Аталған жоба бойынша жасалған оқушылардың қолөнер бұйымдары @koloner_arshaly инстаграм парақшасында жариялап, сатылымға қойылады. Сатылған бұйым­ның 50 пайызы оқушыларға, 1 па­йызы қайырымдылыққа, қал­ғаны қажетті заттар алуға жұм­са­ла­ды. Бұл жоба оқушы­лар­ға кәсіби тұрғыдан өзі-өзіне қолайлы білім беру кеңістігін жа­сауға септігін тигізіп жатыр. Оны оқушылардың күн санап арт­қан қызығушылығынан, жобаға қатысушылар санының көбеюі­нен байқауға болады. Тіпті кей­бірі өзінің шағын кәсібін бастап та үлгерген. Бұл сөзімізге 7-сынып оқушысы Әсел Мұхамадиярованың шеберлігін шыңдап, моншақтан түрлі сәнді сөмкелер жасап, оны өзі ашқан инстаграмдағы жеке онлайн дүкенінде сатып жатқаны дәлел бола алады.

Жұмысына бейжай қарамайтын А.Бейсенбаева өзінің білімді де бі­лік­ті, шығармашыл, шебер шә­кірттерімен бірге аудандық, об­лыс­­тық, республикалық көрме-се­ми­нар­лар­ға қатысып, тәжіри­бесімен бөлісіп жүр. Жақында педагог елордада ұйым­дастырылған «Бұлақ көрсең кө­зін аш» ашық есік күнінде мон­шақтардан бұйымдар тоқу бо­йынша шеберлік сабағын өткізді. Әрі тәжірибесінің жаңалығы мен шы­ғар­ма­шылық ізденісі үшін «Үздік кәсіби бағдаршы» аталымын жеңіп алған.