«Астана» футбол клубы гвинеялық жартылай қорғаушы Усман Камараны қатарға қосты. Келісімшарт алдағы үш жыл мерзімге жасалды. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Усман Камара 1998 жылы 28 желтоқсанда Гвинея астанасы Конакри қаласында дүниеге келген. Футболдың «әліппесін» өз елінің «Атуга» клубында үйренсе, мансабын Швецияның «АФК Эскильстуна» клубында бастады. Одан кейінгі жылдарда Норвегияның «Волеренга», Грузияның «Дила» клубтарында доп тепті. 2022-2023 жылдарда Грузияның «Динамо» (Тбилиси) клубының намысын қорғап, 26 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. Командамен бірге ел чемпионы және Грузия суперкубогінің жеңімпазы атанды.