• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Алматы 23 Қаңтар, 2024

Алматыдағы жер сілкінісі: 11 мың адам арнайы қауіпсіз орында түнеді

305 рет
көрсетілді

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде 11 мың адам арнайы қауіпсіз орында түнеп шыққан. Бұл туралы Алматы қаласы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖД басшысының айтуынша қаладағы 229 мектеп және 115 балабақшаның барлығы сейсмикалық тұрақты. Түнде ол жерлерде күзет жұмыс істеген. Бір жарым сағат ішінде мектеп қызметкерлері сол жерлерде халықты қабылдаған.

Оның сөзінше, реттеуші құжаттарға сәйкес әкімшіліктің халықты жинау пункттерінің келу және ашылу уақыты қыс мезгілінде − 1,5 сағат, жазда − 1 сағат.

Белгіленген уақытқа дейін бүкіл жинау нүктелері ашылған.

«Мегаполис тұрғындарын қабылдау пунктеріне 11 мыңнан астам адам жүгінді, оның ішінде 3,5 мың бала бар. Қазіргі уақытта 1000-нан астам адам бар, оның барлығы осы сағат аралығында үйлеріне қайтады», деді Нұрлан Атығаев.