• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 23 Қаңтар, 2024

Жер сілкінісі Астанада да сезілді ме? - министр жауап берді

321 рет
көрсетілді

23 қаңтар сағат 00:19 шамасында елордалық ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасына жергілікті тұрғындардан жер сілкінісінің сезілгені туралы 30-дан астам қоңырау түсті. Астананың Төтенше жағдайлар департменті бұл мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.

«Хабарламалар түскен мекенжайлар бойынша жедел-құтқару бөлімшелері жіберілді, олар ғимараттар мен құрылыстарға тексеру жүргізіп, жер сілкінісі фактілері расталмағанын айтты.  Астанада жер сілкінісі болған жоқ, бұл Алматыда болған жер сілкінісінің салдары болды. Қазіргі уақытта 24-51-47 және 24-51-71 телефондары бойынша жедел желі жұмыс істеп тұр», делінген хабарламада.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет отырысынан кейінгі брифинг барысында елордалықтарды сабырға шақырып, уайымдауға еш себеп жоқ екенін айтты.

«Жер асты дүмпуі, сейсмикалық толқын айтарлықтай қатты болды. Рихтер шкаласы бойынша сілкініс 6,5-7 баллды құрады. Жер асты думпуі Орталық Қазақстанға да әсер етті. Ол оңтүстіктен солтүстікке бағытталды. Сондықтан әлсіз болса да оны Астана тұрғындары да сезінді. Астана Тұран платформасында орналасқанын еске сала кеткенім орынды болар. Бұл өте тұрақты, ескі платформа. Сондықтан бұл жай афтершок болды. Уайымдауға себеп жоқ», деді Саясат Нұрбек.