17 жастағы Асылжан Арыстанбекова жұптық сында жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына шықты.
Теннисшіміз белоруссиялық Юлия Перепихинамен бірге жапониялық Хаю Киносита мен Вакана Сонобеге қарсы кортқа шықты.
Алғашқы партияда қазақстандық-белоруссиялық дуэт алға шықты – 6:4. Екінші кезеңде жапониялық жұп есе қайырды – 6:2. Супер тай-брейкте Арыстанбекова/Перепихина жеңісті жұлып алды – 10:7.
Асылжан Арыстанбекова/Юлия Перепихина жартылай финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары – ұлыбританиялық Ханна Клагмен және Мингге Сюймен шеберлік байқасады.
Тағы бір жерлесіміз Әмір Омарханов оңтүстіккореялық Чанджун Киммен бірге екінші айналымда тартысты матчта америкалық Кайлан Бигун мен Яггер Личқа жол берді – 4:6, 6:1, 3:10.