• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 25 Қаңтар, 2024

Kaspi – АҚШ IPO-сында

109 рет
көрсетілді

Kaspi.kz финтех-холдингі АҚШ-тағы NASDAQ биржасында акцияларын бас­тапқы жария орналастыруға (IPO) шығар­ды. Лондон қор биржасының сай­тын­дағы ақпарат бойынша, Kaspi.kz әр­қайсысы компанияның әдеттегі бір акциясын ұсынатын 11 300 000 америка­лық депозитарлық акцияны (ADS) орналас­тырған. Орналастыру бағасы – ADS үшін 92 доллардан.

NASDAQ биржасында ADS «KSPI» белгісімен саудалана бастаған. Kaspi.kz-тің IPO-ға тартқан қаржы көлемі 1 млрд 039 млн долларды құрайды. Ор­на­ластырудың жетекші бук­раннерлері (өтінімді қабыл­даумен айналысатын компания) – Morgan Stanley, J.P. Morgan және Citigroup. Ал Susquehanna Finan­cial Group, LLLP and Wolfe | Nomura Alliance ба­ға­­лы қағаздарды орналасты­ру бойын­ша қосымша ме­нед­­жерлер ретінде жұмыс істейді. Жалпы, финтех-холдинг IPO аясында 9 млн аме­рикалық депозитарлық акциясын орналас­тыруды жоспарлайды.

«Нью-Йорктағы Time Square-де Қазақ­станның үл­кен туын көрген кезіміздегі кеу­демізді кернеген мақтаныш сезімін сөзбен айтып жеткі­зу қиын. Біз сіздермен бір­ле­сіп, Қазақстанды жаңа дең­гейге шығардық, елімізді жа­һандық инновациялық кар­таға енгіздік, сонымен қа­тар әлем бойынша көптеген ком­пания мен инвестор үшін үлгі болдық. Kaspi.kz да­муы­ның жаңа кезеңі­не аяқ ба­сып отырмыз. Енді әр­қай­­­сысыңыз­дың алдыңыздағы жауап­­­кершілігіміз одан әрі ұлғая түс­ті. Сүйік­ті клиент­теріміз бен серік­тес­терімізге айтар алғысымыз зор. Жаңа жетістік­терге же­ту­ге бізді ынталандыра бе­ріңіз­дер. Біз сіздердің өмір­леріңізді жақсар­татын және елдің дамуына елеу­лі үлес қосатын ин­но­ва­циялық сервис құруды жал­­ғастыра береміз», дейді Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзе.

NASDAQ жаһандық орналастыру жөніндегі жетекшісі Кэрен Сноудың айтуынша, Kaspi.kz 17 жыл бұрын Ал­­ма­тыда құрылғалы бері ха­лық­тың өмірін жақсартуды өзінің миссиясына айналдырып, цифрландыруға орасан зор үлес қосты. Kaspi.kz супер­қосымшасы электронды коммерция, сая­хат, азық-түлік, тө­лем­дер, QR-кодпен төлеу және мемле­кеттік қызметтерді ұсынып, Қазақстан азаматтарының күнде­лікті өмірінің бір бөлігі­не айналды және әлемдегі басқа қосымшалармен салыс­тырғанда қолдану бойын­­ша ең жоғары көрсеткіштерге ие.

Айта кетейік, Kaspi.kz 2020 жыл­дың қазан айында Лон­дон қор биржасында (LSE) IPO өткізді. Ол кезде компа­ния акционерлері IPO-ға компания акция­сының 15 пайызын орналастырып, 1 млрд доллар тартқан болатын.