• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2024

Көктайғақ, боран. Республикалық маңызы бар екі тас жол жабылды

928 рет
көрсетілді

Қолайсыз ауа райы  салдарынан Қазақстанның екі облысында республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Жетісу облысында – 1 учаске:

1. «Үшарал-Достық» 84-184 км, уч. Көктұма ст.-Достық ст. – 100 км.

(бұрқасын, шектеулі көрініс).

Қарағанды облысында – 1 учаске:

1. «Екатеринбург-Алматы» 1505-1610 км, Новостройка к.-Ақсу-Аюлы к. – 105 км.

(қар, бұрқасын, шектеулі көрініс).

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 408 бірлік техника және 519 қызметкер жұмылдырылды.