• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қаңтар, 2024

Алматылықтар тағы жер сілкінісін сезді

3995 рет
көрсетілді

Алматыда 27 қаңтарда тағы жер сілкінді. Бұл жолы тұрғындар жерасты дүмпулерін айқын сезді, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық бақылау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым аумағында Қытай аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.0. Магнитудасы - MPV 5,5. Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 41,26°. Тереңдігі - 5 км. Байқағыштығы туралы мәлімет (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласы – 2 балл», делінген Алматы қаласы бойынша сейсмологиялық оператордың хабарламасында.