• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Бокс 30 Қаңтар, 2024

Болгарияға кімдер барады?

83 рет
көрсетілді

2-12 ақпан аралағында Болгарияның бас шаһары Софияда боксшылар арасындағы дәстүрлі Странджа кубо­гі өтеді.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бап­кері Мырзағали Айтжанов аталған жа­рысқа мына шәкірттерін апаруды құп көріп отыр: Санжар Тәшкенбай (51 кг), Дәулет Молдашев (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Руслан Күзеубаев (60 кг), Ерасыл Таңқай (63,5 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Талғат Шәйкен (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) және Абзал Құттыбеков (86 кг).

Былтыр дәл осы додада жерлестеріміз қос жүлдеге қол жеткізген еді. Ол кезде Оразбек Асылқұлов күміспен күптелсе, Нұрқанат Райыс қолаға қол созды.