Желтоқсан айында банктер жеке тұлғалардың депозиттерін 13,7% орташа алынған мөлшерлемемен тартты. Өткен аймен салыстырғанда төмендеу 0,2 пайыздық тармақты құрады. Ағымдағы көрсеткіш 2023 жылдың наурызынан бері ең төменгі деңгей. Бұл туралы DataHub Бірінші несиелік бюросының Telegram арнасы Ұлттық банк деректеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Базалық мөлшерлеменің төмендеуі аясында халық үшін банктік депозиттердің тартымдылығы төмендеуде. Естеріңізге сала кетейік, базалық мөлшерлеме 2023 жылдың тамызында төмендей бастады. Бұған дейін ол өте жоғары деңгейде ұзақ уақыт сақталды - 16,75%. Бірақ мұның бәрі банктерде депозит ашу тиімсіз болып кетті деген сөз емес. Қарап отырсаңыз, 13,7 пайыз аз емес. Салыстырыңыз: көпжылдық ең жоғары көрсеткіш – 14%. Айтпақшы, ол 2023 жылдың маусым, қыркүйек және қазан айларында тіркелді», деп атап өтті БКБ (Бірінші кредиттік бюро).
Банктер дәстүрлі түрде бизнеске қолайлы жағдай жасайды. Желтоқсан да ерекше қалмады. Банктік емес заңды тұлғалардың тартылған депозиттері бойынша орташа алынған мөлшерлеме 14.6%-ды құрады. Бұл қарашадағыдай, сонымен қатар көпжылдық ең жоғары көрсеткішке (14.7%) өте жақын.
«Несие мөлшерлемелері базалық мөлшерлеме динамикасының айқын әсерін көрсетеді. Қараша және шілде айларының мәндерін алып тастасақ (бұл айларда ірі банктердің бірінің маркетингтік науқаны болды), желтоқсанда банктердің халыққа берген несиелері бойынша орташа алынған мөлшерлемесі бір жылдағы ең төменгі деңгейге – 17.9-ға жетті.
Бизнес жағдайында минимум 2023 жылдың сәуірінен бастап 18.7% пайыз болып бекітілді», деп атап өтті DataHub.