Жеңіл салмақта әлем чемпионы, спорт шебері Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) Бакуде өткен бокс кешінде қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберіп, WIBA белбеуін жеңіп алды, деп жазады Egemen.kz.
Осылайша Ангелина Лукас кәсіпқой бокстағы алтыншы жекпе-жегін жеңіспен түйіндеді.
Ол Пәкістан өкілі Рома Юсафпен (5-0-1, 2 КО) ең жеңіл салмақта қолғап түйістірді. Бұл жолы Рома Юсаф кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, Ангелина Лукас бұған дейін WBC International және UBO чемпиондық белдіктерін де жеңіп алған еді.