• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Ақпан, 2024

Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткендер жауапкершілікке тартылды

171 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қаңтар айындағы жұмысының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 2 776 адам ұсталды, соның ішінде 13 шетел азаматы шекараны бұзғаны үшін ұсталды, ал 19 шетел азаматымен шекараны бұзу әрекеттерінің жолы кесілді.

Мемлекеттік шекара арқылы 881 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

50 – есірткі заттарын, жалпы салмағы 3,3 кг; 25 – ату қаруы мен оқ-дәрілер (15 дана ату және 1 451 дана суық қару, 101 дана оқ-дәрілер); 47 – діни әдебиет (1 757 дана); 281 – жалпы сомасы 9 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (37 600 литр); 408 – жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар; 70 – жалпы сомасы 940 млн теңгеден астам валюта.

Сонымен қатар Каспий акваториясында залал сомасы 6 млн теңгені құрайтын 2 браконьерлік фактілерінің алды алды.

Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.

Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, барлық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеді.