Заңсыз аң аулау және табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілерінің жолын кесу мақсатында Абай облысы аумағында полиция қызметкерлері 1 ақпанда бастаған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін жалғасады, сол орайда браконерьлікпен айналысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Polisia.kz баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, рейд кезінде «Ертіс» бекетіндегі патрульдік полиция инспекторлары облыс орталығы кіреберісінде 67 жастағы Семей тұрғыны басқарған Volkswagen көлігін тоқтатып, багаждан рұқсат құжаттары жоқ 3 қоян етін тапқан.
Хабарламада: «Полиция бөліміне жеткізілген ол Бесқарағай ауданы аумағындағы орманда жануарларды өлтіріп, сойғанын мойындады. Аңшылық ережелерін бұзу фактісі бойынша залал келтіре отырып, әкімшілік іс жүргізу басталды», делінген.