Денсаулық сақтау басқармасының орталықтандырылған сақтау қоймасынан медициналық мекемелерге жіберілген дәрі-дәрмектердің жарамдылығы өтіп кеткені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Павлодар қаласындағы емханалардың біріне «Пентаксимнің» 135 дозасы препараттың қолданылу мерзімі аяқталған күні берілді.
Тағы бір жағдайда мерзімі өткен препараттармен 2 балаға екпе салынды.
Облыс прокуратурасы қабылдаған шаралар бойынша жарамсыз препараттар жойылып, кінәлі адамдар жауапқа тартылды.