• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Ақпан, 2024

Ақмола облысында оқушылар мінген автобус апатқа ұшырады, қаза тапқандар бар

167 рет
көрсетілді

Ақмола облысында мектеп оқушылары мінген шағын автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Төтенше оқиға Көкшетау-Атбасар тасжолында, Максимовка ауылының маңында орын алды.

Жол апаты салдарынан бір адам қаза тауып, 15 жолаушы ауруханаға жеткізілген. Оның сегізі - балалар.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, қазір олардың жағдайы бірқалыпты. Төрт адам облыс орталығындағы ауруханаға ауыстырылған. Алты оқушы аудандық емдеу мекемесінде ем алып жатыр. Мектеп оқушылары Көкшетау қаласында өткен Көңілді тапқырлар ойынынан қайтып келе жатқан.

Полицияның мәліметінше, шағын автобустың 62 жастағы жүргізушісі алда келе жатқан қар тазалау техникасын басып озамын деп қарсы бетке шығып кеткен. Рөлге ие бола алмай, жеңіл көлікке соқтығысқан. Жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

- Жол-көлік оқиғасы Көкшетау-Атбасар тасжолында, Максимовка елді мекенінің маңында болды. Аталған факті бойынша тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды, – деді Ақмола облыстық полиция департаментінің өкілі Әлия Билялова.