Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет құрамына жаңа тұлғалар тағайындалатынын айтты, деп жазады Egemen.kz.
Президент жаңадан тағайындалған Үкімет құрамының алдында шұғыл шешуді талап ететін мәселелер бар екенін ескертіп онда жаңа тұлғалар тағайындалатынын айтты.
«Біздің алдымызда шын мәнінде ауқымды мақсаттар мен міндеттер тұр, егер экономикамызды, алдағы жылдардағы экономика деңгейімізді ұлғайтқымыз келсе, бізге жаңа ұстанымдар, жаңа көзқарас қажет болса, оларды іске асыруға жедел кірісу қажет. Сондықтан құрамы өзгеріп, жаңа тұлғалар тағайындалады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.