Алматыда лай көшкіні болған жерден бір ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
«Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері 2007 жылы туған жас жігіттің денесін тапты», делінген ТЖМ хабарламасында.
Айта кетейік, бүгін сағат 2:20 шамасында Алматы қаласы Медеу ауданы, Тау самалы шағынауданындағы 2 үйді лай көшкіні басып қалды. 4 адамның іздестіріліп жатқаны айтылған еді. Соның ішінде бір ер адам өлі табылды.