Жақында ғана Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындалған Ақмарал Әлназарованың Сенаттағы өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов Ақмарал Әлназарованың басқа қызметке ауысуына орай оның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынымды жариялады.
Палата отырысында сенаторлар депутаттың өкілеттігін тоқтату жөніндегі қаулы қабылдады.
Еске салайық, 6 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.