10 ақпан күні Ақмола облысы Щучинск қаласында ер адам жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«2024 жылдың 10 ақпанында Ақмола облысы ПД-мен Щучинск қаласында ЖЖМ құю станциясында жедел жәрдем автокөлігінің жүргізушісіне дене жарақаттарын келтірген ер адам ұсталды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», делінген хабарламада.
Бірнеше күн бұрын Қарағанды қаласында да ер адам жолға таласып, жедел жәрдем жүргізушін соққыға жыққан еді.