• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Шаруашылық 12 Ақпан, 2024

Дала жұмыстарына жүйелі дайындық

135 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Мақта­арал ауданының шаруа­лары қыс ауасы дерлік қаң­тардың соңында қы­рық­қабат дақылын егу жұ­мыс­тарын жүргізді. Мысалы, «Аллажар» шаруа қо­жа­лы­ғы еншісіндегі 7,2 гектар жердің 4,2 гектарына ерте пісетін қырыққабат дақылын екті. Қырық­қа­батқа еуро­па­лық­тар мен ре­сейліктер тарапынан сұра­ныс өте жоғары. Был­тыр мақтааралдық шаруалар 20 мың тоннаға жуық көкөніс өндіріп, оның 80%-на жуығын ТМД, Балтық жағалауы, Түркия, Гер­ма­ния, Греция елдеріне экс­порттаған.

Биыл облыста 873,6 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жос­пар­ланған. Өңірде суды аз қа­жет ететін өнім түрлерін егуге ба­сымдық берілмек. Бұл орайда масақты дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда артып отыр. Дәнді дақылдар 335 мың гектар жерге, бұршақты дақыл – 3,8 мың, техникалық дақылдар – 105,3 мың, ал көкөніс 44,9 мың гектарға егілмек. Мақта мен майлы дақылдар өткен жылмен салыстырғанда 6,4 мың гектарға қысқартылып, сәйкесінше – 105, және 75,5 мың гектарға орналастырылады. Бүгінде ерте пісетін қырыққабат дақылы 0,5 мың гектарға егілді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қолда бар тех­никалардың дайындығы – 95%, 21,8 мың тонна жанармай бөлінді. 1382 комбайн, трактор және қосымша құрал-жабдықтар сатып алынған. Жалпы облыс­­та 24 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар. Жер айдау жұмыстары – 79, сор шаю жұмыстары 56 пайызға орындалған. Тауар өндірушілер жаздық дақыл­дардың тұқымымен толық қам­тамасыз етілген. Егіске қажетті 7,8 мың тонна масақты дақыл, 1,5 мың тонна мақсары, 3,4 мың тонна мақта, 0,5 мың тонна жоңышқа және 0,9 мың тонна жүгері тұқымдары бар. Ал картоп тұқымдары коммерциялық ұйым­дардан алынып жатыр. Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, өңірде 500 түрлі минералды тыңайтқыш құнының 50%-ын субсидиялауға 7 млрд теңге бөлінген. Яғни 82,3 мың тонна минералды тыңайтқыш субсидия­ланады. Бүгінде облыс аумағындағы қоймада 25,0 мың тонна минералды тыңайтқыш сақтаулы. Сондай-ақ басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау бағдарламасына рес­пуб­ликалық бюджеттен қосымша 5 млрд теңге бөлу ұсынылған. Тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасына 600 млн теңге облыстық бюджеттен қаралған. Ағын су жеткізу құнын субсидиялауға 150 млн теңге бөлінді. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 13,4 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланған. Оның ішінде «Кең дала» бағдарламасымен 10,0 млрд теңге, тікелей зауыттарға 2,5 млрд теңге және несие серіктестіктері арқылы 868,0 млн теңге бөлінеді. Нәтижесінде, 68,0 мың гектар алқаптағы дала жұмыстары қаржыландырылады.

Сондай-ақ облыста мақсатына сай пайдаланбаған және заңсыз жекешеленген жерлерді ортақ қорға қайтаруда ауқымды жұмыстар жүргізіліп, 330,7 мың гектар мемлекет меншігіне қайтарылды. Облыстың жалпы жер қоры – 11 610,3 мың гектар. Оның ішінде ауылшаруашылық мақ­саттары санатындағы пайдалана­тын жерлер 4 469,5 мың гектарға жет­ті. Елді мекендердің жерлері 800 мың гек­тардан асады. Облыстық жер қа­ты­настары басқармасының басшы­сы Ерғали Тілегеннің баяндауынша, өткен жылы ауыл шаруашылығы мақ­­­­сатындағы 131,8 мың гектар жер айна­­­­лым­ға енгізілді. Былтыр ортақ жайы­лым қажеттілігі 2 122,2 мың гектардан асқан. Осыған орай, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес ортақ жайылым көлемін 1015,0 мың гектарға ұлғайту жоспары бекі­­тіл­ген. Нәтижесінде өткен жылдың қо­ры­тындысымен 335 мың гектар ор­тақ жайылыммен қамтамасыз етілді. Жалпы ортақ жайылым қажеттілігінен 681,8 мың гектар төмендету бойынша ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, 937 мың гектар төмендетілді. Ортақ жайылым көлемін ұлғайту мақсатында арнайы қордағы 125 мың гектар жер учаскелерін ауылдық округ әкімі аппаратына тұрақты пайдалануға беру жұмыстары жүргізіледі. Ауыл шаруа­шы­лы­ғы мақсатындағы жерлердің үлесін ұлғайту жоспары бекітіліп, 146,9 мың гектар жерді қайта айналымға енгізу көзделіп отыр.

 

Түркістан облысы