• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 12 Ақпан, 2024

«Ит қапты, қолым сынды». Жүрсін Ерман алтыншы мүшелге толды

579 рет
көрсетілді

Ақын, айтыстың  ұйымдастырушысы   Жүрсін Ерман бүгін 73 жасқа толды. «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Таңшолпан» бағдарламасында  ақын  әр мүшелге кірген кездегі оқиғасын айтты, деп жазады Egemen.kz.

«Қазақтың мүшел дейтін ырымы бар. 13 жастағы оқыс оқиға есімде жоқ. 25 жасқа келгенімде аттың үстінде отырғанымда  қойшының құтырған иті  қапты. 37 жасымда қолымды сындырып алдым, 49 мүшелімде  шешемнен айырылдым. 61 жасымда ауру айналдыра бастады, жүрек, бауыр сыр берді дегендей. Бүгін алтыншы мүшелге ендім. Осыдан аман-есен өтсем, тағы да жүре тұрам ба деп ойлаймын. 

Туған күн  - отбасылық мереке. Екі-үш жылдан бері сырқаттанып арбаға таңылдым.   Шүкіршілік деймін, арбаны тастап таяққа сүйеніп жүретін болдым.  Жан-жақтағы ағайын-туыс,  достарым құттықтап келіп жатыр», деді Жүрсін Ерман.

Ақын  сырқатына шипа  сұраған көпшіліктің  дұғасы қабыл болғанын айтты.